Германия Қазақстанда дуальдық білім жүйесін дамытуға мүдделі

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы (GIZ) Қазақстанда дуальдық білім жүйесін одан әрі дамытуға мүдделі. Бұл туралы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының атқарушы директоры Андреас фон Шуман мәлім етті.Оның айтуынша, Германияның дуальдық білім жүйесін дамытуда үлкен тәжірибесі бар және әлемнің көптеген елдерінің назарын аударуда. Немістің шағын және орта бизнес кәсіпорындарының табысы көп жағдайда кәсіби-техникалық кадрларды оқытуды қолдаумен және ұдайы инвестициялаумен байланысты.

Осы саладағы қазақстан-неміс  өзара іс-қимылына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия канцлері Ангела Меркельдің 2012 жылғы ақпанда Берлиндегі кездесуі қорытындыларымен қол жеткізілген Қазақстан Республикасында кәсіби-техникалық кадрлар саласында дуальдық блім берудің неміс моделінің принциптерін енгізу жөніндегі екіжақты ынтымақтастық орнату туралы уағдаластық елеулі серпін берді.

«Біздің ұйымның міндетіне дуальдық білім жүйесінің қызметі үшін құқықтық жағдайлар және тұжырымдамалық ұсыныстар жасау кіреді. Осыған байланысты Германия үлгісімен кәсіби-техникалық кадрлар даярлаудың жалпы жауапкершілігін мойнына алатын мемлекет пен жеке кәсіпорындар альянсын құру өте маңызды. Біз Қазақстанның барлық аумағында осы модельді енгізу жөнінде қазақстандық әріптестермен белсенді жұмыс жасап келеміз»,- деді А. фон Шуман.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе