Щучьедегі Кадет корпусында 259 курсант ант қабылдады

Щучье қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп тілшісі.

Биылғы оқу жылы Кадет корпусына 500-ден астам оқуға түсуге талпыныс білдірсе, іріктей келе оның 259-ы ғана курсант атанды. Оқуға түскендердің арасында келісімшарт және мерзімді қызмет өткерген әскери қызметшілер де бар. Негізінен бірінші курсқа қабылданып отырғандардың басым көпшілігі еліміздің əр өңірінен келген орта жалпы білім беру мектептерінің түлектері. Жалпы, Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы құрылған кезден бері бөлімше командирінен бастап ҚР ҚК бас сержанты лауазымдарында қазақстандық армияда қызмет атқарып жүрген кіші командалық құрамдағы 3 мыңнан астам маманды түлетіп шығарғанын атап өткен жөн.

Шараға Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин қатысып, курсанттар мен олардың ата-аналарын қуаныштарымен құттықтады. 

Іс-шара аясында оқу орнының 1-курс кадеттерінің саптық дефилесі, қоян-қолтық ұрыс бойынша көрсетілімдер өтті. Сондай-ақ, салтанатты шараға жиналғандарға оқу ротасының орналасуын, мұражайды, динамикалық тренажер мен «ПРОФИ» атыс кешенінде нормативтерді көрсете отырып, зертханалық корпусты аралап шығу ұйымдастырылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе