Оралда көп кешікпей Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады

ОРАЛ. 18 Оралда көп кешікпей Назарбаев зияткерлік мектебі іске қосылады. Әзірге құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Бұл туралы 17 ақпан күні «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шамшитдинованың қатысуымен өткен жиыннан кейін аталған ұйымның өкілі Светлана Есбосынова мәлімдеді.

Светлана Есбосынованың айтуынша, педагогикалық қоғамдық кеңестің жиынында зияткерлік мектептердің алдағы жұмыс жоспары  да талқыланған. Батыс Қазақстандағы Назарбаев мектебі - еліміз бойынша ашылғалы тұрған жетінші білім шаңырағы. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша жан-жақты білім беретін мектепке 336 шәкірт іріктеліп алынған. Олар - былтырғы күзде өткен тұңғыш Президенттің «Өркен» білім грантын иеленген үздіктер. Заманауи жабдықтармен қамтылған ғимарат 600 балаға лайықталып салынған. Шалғай аудандардан келген оқушылар үшін 120 орындық жатақханасы және бар. Мұнда қызмет атқаратын ұстаздарға да талап жоғары.  Қазір «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының жүйесінде білім беретін бір топ мұғалім Финляндияның Хельсинки университетінде біліктілігін жетілдіруде. Сондай-ақ 35 шетелдік  педагог еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектептерінде сабақ беруде. Олардың арасында Ұлыбритания, Сингапур, Мәскеуден келгендер бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе