Астанада неміс тілі мұғалімдерінің 14-ші құрылтайы өтіп жатыр

АСТАНА. 20 қазан.  ҚазАқпарат - Астанада «Жаңа әдістер - мол нәтиже» тақырыбымен неміс тілі мұғалімдерінің 14-ші құрылтайы өтіп жатыр.Бұл іс-шараны Германия Федеративтік Республикасы Елшілігінің қолдауымен Қазақстандық неміс тілі мұғалімдерінің одағы ұйымдастырып отыр.

Қазақстан-герман университетінің «DAAD» академиялық алмасу германиялық қызметі ақпараттық орталығының директоры Михаэль Яуманның айтуынша, шара барысында неміс тілінде берілетін білім деңгейін көтеру жолындағы  өзекті мәселелер қаралып, дидактикалық-әдістемелік тақырыптарында дәрістер оқылып, неміс тілінің кәсіби мамандарымен тәжірибе алмасу жолдары қарастырылады.

«Бүгінгі құрылтай ақпарат алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Осы тақырып арқылы біз бір жағынан 4 біліктіліктің заманауи әдістері мен грамматикамен жұмыс істеуді және екінші жағынан неміс тілі сабағында жаңа сандық құралдар мен Web 2.0 қолданудың мүмкіндіктері мен тың ой-пікірлерді ұсынамыз. Қазақстанның ең үздік мұғалімдері бас қосып отырған  дәстүрлі құрылтай ұстаздардың дәріс беру әдістері бойынша тәжірибе алмасып, ынтымақтаса жұмыс істеуіне үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын», - дейді ол.

«Қазақстан мен Германия арасында неміс тілін оқыту және студенттермен алмасу саласында түрлі білім беру бағдарламалары бар. Мысалы, былтыр 120 қазақстандық Германияда оқуға тегін стипения алды», - деп түйіндеді сөзін М.Яуманн.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе