Б.Жұмағұлов: Елімізде оқушылардың демалыс мерзімін өзгертудің қажеті жоқ

АСТАНА. 14 Елімізде оқушылардың демалыс мерзімін өзгертудің қажеті жоқ. Бұл пікірді бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай жауап берген ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов білдірді.«Менің министр ретіндегі жеке көзқарасым, Қазақстанда қалыптасқан дәстүр жаман емес. Егер де жыл бойы жылы болатын басқа елді алатын болсақ, онда балаға қашан және қай уақытта демалысқа шығуы маңызды емес. Дегенмен шұғыл континенталды климаты бар Қазақстанда қысқы  демалысты ұзарту меніңше өзін-өзі ақтамайды», - деген министр ағымдағы жылы оқушылардың демалыс мерзімдері өзгеріссіз қалатындығын баса айтты.

Сонымен қатар өзіне демалыс мерзімін ұзарту, қысқартуға қатысты сауалдардың көптеп түсетіндігін атап өткен ол: «Сондықтан да менің бұйрығыммен комиссия құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, қоғам өкілдері кірді. Біз бұл мәселені жан-жақты зерделейтін боламыз», - деді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе