Алматылық төрт ұстаз «Пальма бұтағы» француздық академиялық орден иегері атанды (ФОТО)

Алматыда Франция ұлттық білім министрлігі Қазақстандағы Франция елшілігінің ұсынысымен француз тілі мен мәдениетін жетілдіруге үлес қосқан тұлғаларға «Пальма бұтағы» академиялық орденінің кавалері атағын табыстады. Бұл құрметті атақты Светлана Леонова, Роза Мендалиева, Алла Никифорова мен Надежда Шкурат иеленді. Лауреаттардың барлығы француз тілінен бірнеше жылдан бері сабақ беріп келеді.Марапатты Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен табыс етті.«Біз француз тілін үйретуге барын салып жүрген тұлғаларға осы марапатты тағайындадық. Көбіне бұл атаққа әйел адамдар лайық болады. Біз олардың еңбегінің маңыздылығын көрсетіп, бағалап жатырмыз», - деді ол.Францияның ең байырғы наградаларының бірі саналатын «Пальма бұтағы» академиялық ордені 1955 жылы бекітілген. Ол білім жүйесінің үздік өкілдеріне, Францияның ұлттық білімін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтар мен француз мәдениетінің әлемде кең тарауына белсенді қызметімен ықпал еткен және Франциямен екі аралықта университетаралық және ғылыми салада ынтымақтастық байланысты дамытуға қосқан елеулі еңбек сіңірген шетелдік азаматтарға беріледі.Қазақстанда 1996 жылдан бері осындай 30 орден табысталған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе