«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының V «Қысқы мектебі» ашылды

АЛМАТЫ. 27 Бүгін Алматы облысы Талғар ауданындағы  «Табаған» спорт-ойын-сауық кешенінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның V мерейтойлық «Қысқы мектебі» ашылды.«Білім мен дағды - өзіміз үшін, ал жетістіктер - Компаниямыз және Отанымыз үшін!» деген ұранмен өтетін бұл шара компанияның имиджін нығайту мақсатында  дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Оның тұрақты ұйымдастырушысы - Ұлттық атом компаниясының корпоративті университеті саналатын «Қазақстанның ядролық университеті» ЖШС.

Биыл ол «Тиімді басшының шеберханасы: тиімділіктің 7 дағдысы» бағдарламасы бойынша жүргізілмек. Оған компания кәсіпорындарынан 72 қызметкер қатысуда. Олардың арасында желілік менеджерлер, құрылымдық бөлімшелердің, өндірістің цехтардың, учаскелердің басшылары және тағы басқалар  бар. Қатысушылар «кездейсоқ таңдау әдісімен» 6 командаға бөлініп, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қысқы мектеп-2012 жеңімпазы» атағы және ауыспалы Кубок үшін сынға түсетін болады. Екінші наурызға дейін созылатын «Қысқы мектептің» қатысшылары сертификаттар алып, жеңімпаз командаға естелік сыйлықтар мен ауыспалы Кубок тапсырылады. Сондай-ақ  тренинг барысында және спорттық сайыстарда ерекше көзге түскен үздік тыңдаушылар марапатталады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе