СҚО-да оқушылардың 30-дан астам спорт шарасы кейінге шегерілді

– Солтүстік Қазақстан облысында денсаулығына байланысты көп уақыт сабаққа қатыспаған оқушылар да демалыс уақытында қашықтан білім алады, деп тілшісі.

СҚО білім беру басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, инфекциялық аурулардың алдын алуға байланысты оқу орындарында атқарылып жатқан санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жайында мәлім етті. Басқарма жетекшісінің мәліметінше, мектеп оқушыларын тоқсандық жиынтық бағалау алдағы екі-үш күнде толық аяқталуы қажет. Алайда, бір күнде тест жұмыстарының саны 3-4 аспауы қажет. Сол себепті қамқоршылық кеңеспен келісе отырып, 14 наурыз күні қалған ТЖБ алынбақ. «Денсаулығына байланысты сабақтан жиі қалған балалардан тоқсандық жиынтық бағалау жеке кесте бойынша алынады. Ал мұғалімдерге демалыс уақытында оқылмай қалған тақырыптар бойынша оқушыларға тапсырмаларды қашықтан беруді ұсынамыз. Бұл уақытта электронды журнал қолжетімді болады. Ұстаздарға да жұмысты қашықтан, яғни, мектепке келмей-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі», - деді Гүлмира Кәрімова. Өңірдегі мектепке дейінгі білім беру мекемелері штаттық тәртіпте жұмыс істей береді. Алайда, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін балабақшалар мен шағын орталықтарда тиісті дезинфекциялық жұмыстар жүргізілмек. Оған қажетті препараттар жеткілікті. «Колледждер қашықтан оқытуға ауысады. Осыған орай «Сова» ақпараттық-сараптамалық жүйесін іске қостық. Оқытушылардың жеке кабинеттері құрылды. Онда барлығы – лекциялар, тапсырмалар, тесттер студенттерге қолжетімді болады. Ал жатақханада қалғысы келетін жастар интернетпен қамтамасыз етіледі», - дейді басқарма жетекшісі. Ал жақында өтуі тиіс республикалық, облыстық деңгейдегі 30-дан астам спорттық іс-шара белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды. Соның ішінде спорттың 12 түрі бойынша өтетін «Сұңқар» спартакиадасы, мектептің ұлттық лигасы және күрестен өтетін «Жастар» спартакиадасы бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе