«Болашақ» бағдарламасы бойынша қытай тілінен синхронды аудармашыларды дайындайды (ФОТО)

Бүгін Шанхайда «Қазақстан Орталығының» ашылуы аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті  Ғани Нығыметов пен Шанхай шетел тілдері университетінің партиялық комитетінің бірінші хатшысы Цзян Фэн (Jiang Feng) «Болашақ» бағдарламасы бойынша қытай тілінен тәржімалайтын қазақстандық синхронды аудармашыларды дайындау бойынша меморандумға қол қойды.  «Қазір Қазақстан-Қытай қатынастары барлық салаларда дамып келеді. Осыған байланысты қазақстандық мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар, ұйымдар мен фирмаларда қытай тілінен тәржімалайтын синхронды аудармашыларға деген сұраныс бар.  Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Шанхай шетел тілдері университеті арасында келісімге қол қоюы «Болашақ»  аясында Қытайдың жетекші ЖОО бірінде қытай тілінен тәржімалайтын қазақстандық синхронды аудармашыларды дайындауға мүмкіндік береді», - тілшісіне берген сұхбатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті  Ғани Нығыметов.

Еске сала кетейік, бүгін  Шанхай шетел тілдері университетінде Шанхайдағы ҚР Бас консулдығының, Халықаралық бағдарламалар орталығының және аталған қытайлық ЖОО бастамасымен  Қытайдағы алғашқы «Қазақстан Орталығы» ашылды. Орталықты салтанатты түрде Қытайдағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ш.Нұрышев пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғ. Нығыметов ашты.

Жақын арада мұнда шетелдік студенттер үшін қазақ тілі кафедрасын ашу жоспарда бар.

Шанхай шетел тілдері университеті лингвисттер мен 23 тілден тәржімалайтын аудармашыларды дайындайды. Оны 100-ден астам қазақстандық студент пен  магистрант, соның ішінде Қазақстан Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 16 иегері тәмамдады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе