Солтүстік Қазақстан облысында 2013 жылдың үздік педагогы анықталды

ПЕТРОПАВЛ. 15 Солтүстік Қазақстан облысында аймақтық байқаудың қорытындысы шығарылып, 2013 жылғы үздік ұстаздың есімі белгілі болды.Аудандық және қалалық кезеңдерде жеңімпаз атанған бастауыш сыныптардың ұстаз-оқытушылары және пәндердің мұғалімдері бақтарын сынады. Облыстық деңгейдегі байқауда басты атақты 13 солтүстікқазақстандық сарапқа салды.

Қазылар алқасының шешімімен Қызылжар ауданындағы «Парасат» мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі «Үздік педагог 2013» атағын иеленді. Енді ол өңірдің намысын ел көлеміндегі байқауда қорғайтын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе