Павлодар мемлекеттік университетінде Нобель сыйлығының иегері Р. Манделл атындағы аудитория ашылды

ПАВЛОДАР. 22 Кеше Павлодарға келген Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл бірінші дәрісін оқыды, деп хабарлады ПМУ-нің баспасөз қызметі.«Келесі дәрісте әртүрлі мемлекеттердің дағдарысқа қарсы стратегиясы туралы мәселелер айтылып, доллар, еуро, мүмкін юань валюталарының өзара әрекетін талқылайтын боламыз», - деді ғалым.

Р. Манделл - әлемдік ақша жүйесі мен валюталық қатынас саласында жетекші маман. «Оңтайлы валюталық зона» теориясын қалыптастырғаны үшін ол 1999 жылы Нобель сыйлығының иегері атанды.

С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің ректоры, профессор Серік Өмірбаев атақты ғалымға «Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті профессоры» атағын берді.

 Университте Нобель сыйлығының жүлдегері А. Манделл атындағы оқу аудиториясының ашылу рәсімі өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе