Ұлыбританияның 40-тан астам жетекші университеттері Астанаға келді

АСТАНА. 26 Ұлыбританияның 40-тан астам жетекші университеттері мен колледждері Астанада «Білім - ол GREAT Britain» бiлiм беру саласындағы көрмеге қатысуда.Көрмеде орта, жоғарғы және кәсiпкерлiк бiлiм саласындағы барлық жасқа сай өз бағдарламалары туралы, сонымен бiрге қысқа мерзiмдi және демалыс курстары жөнінде ақпарат ұсынылған.

British Council көрме шеңберiнде ағылшын тiлiнiң оқу және тiл емтихандарына қалай дұрыс дайындалу және оны қалай тапсыру  бойынша ақпараттық сессиялар өткiзедi. Барлық көрмеге келушiлердiң арасында британдық университетке түсуi үшiн сөзсiз қажет болып табылатын IELTS ағылшын тiлі емтиханына тегін қатысуға мүмкіндік болады.

«Біздің елдер арасында білім беру саласында тығыз әріптестік, үлкен дәстүр қалыптасқан. Англияда білім алып жатқан немесе қызметке орналасқан қазақтар бар. Бүгінгі шара Ұлыбританияда оқығысы келетіндер үшін үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар қазақстандық профессорлар мен оқытушылар мұндағы 40 университтердің өкілдерімен тілдесіп, тікелей байланыстар орнататын болады», - дейді Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Дэвид Моран.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе