Ақтауда «Ұрпақ NEXT» жастар қоғамдық қоры ата-аналарға арнап семинар өткізді

АҚТАУ. 25 . - «Ұрпақ NEXT» жастар қоры бүгінгі таңда қоғам игілігі үшін өнімді істер атқаруда. Аталған қордың басты бағыты көп балалы отбасыларға көмек қолын созу, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық өмірге тарту, жалпы адамдардың өмір құндылығын арттыру болып табылады.Жақында  қаламыздағы «Айналайын» балаларды дамыту орталығында білім алып жүрген көп балалы және табыс көзі аз отбасында тәрбиеленіп отырған бүлдіршіндердің ата-аналарына арнап семинар-тренинг өткізілді.  Шараның мақсаты - ата-аналардың бүлдіршіндерді белсене дамытуға атсалысуы, тәлім тәрбие және білім беруі.

Аталған семинар тренингті Қазақстан Республикасының құрметті қызметкері, Дифференциалды психология институтының құрметтi профессоры  Мәншүк Құсайынова жүргізді.  Семинар тренингке 10-ға жуық ата-ана қатысты. Сабақ барысында  ата-ананы эмоционалды қысымнан босату үшін психологиялық көмек көрсетілді. Онан соң ата-аналарға балаларына қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін, атап айтқанда ойындар арқылы баланың қалауын табу туралы дәрістер оқылды.

Ата-ананың бала тәртібіне баса назар аударуы, баласының санасында болып жатқан өзгерістер мен туындаған мәселелеріне оңтайлы көзбен қарауы қажет екендігі айтылды. Сондай-ақ, семинардағы басты бағыт - әрбір ата-ананы психологиялық тұрғыда қоғамға, баласына пайда әкелетіндей дәрежеде дайындау болды, әрі олардың саналарына тренинг барысында берілген ақпараттарды бала тәрбиесінде дұрыс қолдануын жоғарылату, қызығушылықтарын ояту болды.

Білікті психолог Мәншүк Құсайынова семинарда отбасы құндылықтары туралы кеңінен әңгімелеп, бірнеше ойындармен әрледі. Ата-аналардан психологиялық тестілер алынды. Семинар 2-күнге созылды, бастапқы мемлекеттік тілде, кейінгісі орыс тілінде жалғасын тапты. Аталған шара қатысушыларға ерекше серпіліс, жаңа шабыт, тың көзқарастар сыйлады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе