Солтүстік Қазақстанда биыл 2,4 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

– Солтүстік Қазақстан облысында биыл 3 275 түлек 11-сыныпты бітіреді. Оның 151-і - «Алтын белгіге» үміткер, деп тілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстың білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімованың қатысуымен брифинг өтті. Гүлмира Райымбекқызының айтуынша, төтенше жағдай режимінің аяқталғанына қарамастан, барлық мектеп пен колледждерде қашықтан оқыту жалғасады. 9 және 11-сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары болмайды. Аттестаттар жылдық қорытынды негізінде беріледі. «5-11 сынып аралығында үздік оқыған түлек «Алтын белгіні» алады. Ал 10-11-сыныптарда үздік оқыған оқушыларға «Үздік аттестат» беріледі. Облыста «Алтын белгіге» 151 бала және «Үздік аттестатқа» 116 бала үміткер. 9-сыныптың 263 түлегі «Үздік аттестатқа» ие болады», - дейді СҚО білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова. Оқу 25 мамыр аяқталғанымен, облыста бұл күні «соңғы қоңырау» мерекесі болмайды. «Соңғы қоңырау» және аттестаттарды тапсыру біріктіріліп, 3-4 маусымда өткізілмек. «Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында және ашық ауада қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен, санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Оқушыларға мектеп формасын киюді ұсындық», - дейді Гүлмира Кәрімова. Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында оқу жылының аяқталуына орай емтихандар Zoom арқылы «СОВА» білім беру платформасының автоматтандырылған тестілеу кешенін пайдалана отырып өткізіледі. Облыс колледждерінде 6186 студент болса, соның жартысына жуығы биыл оқуын аяқтайды. Колледждерде қабылдау комиссиясы 1 маусымнан жұмысын бастайды. Жалпы биыл облыста 11-сыныпты 3275 түлек бітіргелі отыр. Оның 2477-сі ҰБТ тапсыруға өтініш берді. Бұл - жалпы түлектер санының 75,2%. ҰБТ 20 маусымнан 5 шілдеге дейін өткізіледі деп жоспарланған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе