Қызылордада балабақша иесі келмеген балаларға бөлінген 7,9 млн теңгені жымқырды

Қызылорда облысы Қазалы ауданында жекеменшік балабақша иесі балабақшаға келмеген 58 бала есебінен мемлекеттен бөлінген 7 млн 932 мың теңгені қолды еткен, деп тілшісі.

Басты сот талқылауында куәлік еткен ата-аналардың айтуынша, бұл тізімде әлдеқашан мектепте оқып жүрген балалар да бар. Қызылорда облыстық соты жекеменшік балабақшаға қатысты аталмыш істің нүктесін қойды. Қыруар қаржыны қолды еткен балабақша меңгерушісіне жаза тағайындалды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы -бөлігінің 1-тармағымен айыпталды. Балабақша меңгерушісіне 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол балабақша есебіне негізсіз аударылған қаражатты қайтаруға міндеттелді. «Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде өткен жылы бюджет қаражатын жымқыру, талан-таражға салу және мақсатсыз пайдалану саласында 46 қылмыстық іс болған. Нәтижесінде 36 істің өндірісі аяқталып, мемлекетке келген залал көлемі 319,5 млн теңгені құрады. Мемлекеттік бағдарламаларды орындау мақсатында бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың өткен жылы 17 дерегі анықталған. Оның ішінде дәл осы «Балапан» бағдарламасы бойынша 10 қылмыстық іс бар», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз маманы Бақыт Орданова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе