2017 жылы Астанада екі заманауи колледж салынады

2017 жылы Астанада екі бірдей заманауи колледж салу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Астана қалалық мәслихатының 40-сессиясында қалалық білім бөлімінің басшысы Эльмира Суханбердиева айтты. «2017 жылға қарай 1200 орындық техникалық колледж бен 800 орынға арналған, 300 орындық жатақханасы бар құрылыс колледжін салу жоспарланған. Сонымен қатар, 2015 жылға дейін Қазақ технология және бизнес университеті колледжінің жаңа ғимараты пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Оңтүстік кореялық компаниялармен бірлескен ІТ-технологиялар колледжінің де құрылысы жүріп жатыр», - деп атап өтті Э.Суханбердиева. Оның айтуынша, мұның барлығы елорда жастарын жаңа заманауи стандарттар бойынша техникалық және кәсіби біліммен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. «Астанадағы 4 мемлекеттік және 2 жекеменшік колледждер базасында әлемдік деңгейдегі колледждер салу жоспарын есепке алғанда, олардың сыйымдылығы 20 840 орыннан 32 000 орынға дейін көбейеді», - деді Білім басқармасының басшысы. Қалалық білім басқармасының мәліметтері бойынша, бүгінде Астанада 34 колледж жұмыс істеп тұр, олардың 12-сі мемлекеттік, 22-сі жекеменшік. Қазіргі колледжердің 16 жатақханасы бар, олардың 8-і жекеменшік колледждерге тиесілі. «Дегенмен, әлі 2 300 студент жатақханаға мұқтаж», - деп атап өтті Э.Суханбердиева. Айта кетейік, бүгінгі таңда Астана колледждерінде 29 859 адам 66 мамандық және 113 квалификация бойынша білім алып жатыр. «Жыл сайынғы білім беру тапсырысының 10 пайызға өсіп отыруының арқасында 2009 жылмен салыстырғанда техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттердің жалпы саны 15 пайызға артты. Жыл сайын түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші де жақсарып келеді. Мәселен, 2012 жылы бұл көрсеткіш 68 пайыз болса, 2014 жылы 74 пайызға жетті», - деп атап өтті Білім басқармасының басшысы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе