Шығыс Қазақстанда қорғандарды алдын ала зерттеу қаржыландырылады

Биыл Шығыс Қазақстанда археологиялық зерттеу жалғасады. Облыс әкімі Даниял Ахметовтің төрағалығымен өткен мәжілісте осы бағыттағы жұмыс жоспары талқыланды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА  тілшісі.Ғалымдардың пікірінше, Шығыс Қазақстанда жоғары ғылыми әлеуеті бар бірнеше жүздеген археологиялық ескерткіш бар. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бірінші кезекте, қазба жұмыстарын қай жерде жүргізу қажеттігін анықтау үшін бірқатар қорғандар алдын ала қаржыландырылады. Сонымен қатар, өңірде Берел, Шілікті аңғары, Ерек, Сазы және т.б. қорымдарында жұмыс жалғасады.

Өткен жылы облыс басшылығының қолдауымен ғалымдар Қазақстанның ежелгі тарихының бас ескерткішін зерттеді. Осы экспозиция нәтижесінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Ата-баба мұрасы» 3 мың жаңа жәдігермен толықты. Мәжілісте Шілікті аңғарындағы қорғанда саркофаг пен Өскеменде салынатын мұражай ғимаратының эскиздері қаралды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе