Қостанайдың жас техниктері Бүкіләлемдік авиация және ғарышкерлік күніне орай көрме ашты

ҚОСТАНАЙ. 11 сәБүгін Қостанайда «Болашақ бүгіннен басталады!» республикалық шарасының аясында жас техниктердің жұмыстарының көрмесі ашылды.«Биікке самғаған Қазақстан» атты көрме Бүкіләлемдік авиация және ғарышкерлік күніне орайластырылған.

Техникалық шығармашылық мектебінде ашылған көрме бағдарламасында түрлі үлгілердің өнерін өткізу, планерлер мен ұшақтарды дайындау және сынау бойынша шеберлік сабақтары бар.

«Техникалық шығармашылық мектебінің есіктері әркім үшін ашық. Кәсіби техникалық білім алудан басқа бұл жерде балалар өздерін табиғи дарынын ашып, достарын тауып жүр. Бұл жұмыс біз үшін жастарды көшеден алып кетіп, нақты әрі пайдалы іске араластыруға көмектеседі. Оқушыларымыз жыл сайын республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып жүр. Жыл сайын экспонаттар көрмесі мен тәжірибе алмасу үшін балалар Ресей мен Беларуське барып тұрады. Көбі үшін мектептегі іс қарапайым ермекке емес, өмірлік істеріне айналды», - дейді «Жас Ұлан» РҚБ-нің Қостанай облыстық бөлімшесінің атқарушы хатшысы Нұрбек Әбдібеков.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе