Елордалық оқушылар арасында «Ақсұңқар» әскери-патриоттық ойындары өтті

АСТАНА. 29 Ақмола облысында Приреченское ауылының жанындағы «Майлан» шоқысында елордалық оқушылар арасында «Ақсұңқар» әскери-патриоттық ойындары өтті.Оған Астанадағы 25 мектептен 7-8 сыныптың 250-ден астам оқушысы қатысты. Балалар бастапқы әскери дайындық оқытушыларының жетекшілігімен бағдарлау спорты, «тышқан аулағыштың» астынан еңбектеп өту, бөгеттерден шапшаң өту, пневматикалық мылтықтан оқ ату, граната лақтыру бойынша жарыстарға қатысты. Сонымен қатар жарақат алған адамға бірінші медициналық көмек көрсету машығына дағдыланды.

«Ақсұңқар» әскери-патриоттық ойындарының соңында жеңімпаздар Астана қаласы Білім басқармасының бағалы сыйлықтары мен дипломдарына ие болды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе