Ағымдағы жылдың соңына дейін апатты мектептер картасы әзірленеді - Г.Әбдіқалықова

Ағымдағы жылдың соңына дейін апатты мектептер картасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты.«Үш ауысыммен сабақ беретін және апатты мектептерді жою жұмыстары жалғасуда. Оларды жергілікті атқарушы органдармен және жеке сектормен бірлесіп  5 жылдық мерзім ішінде жоюдың кезең-кезеңдік жоспары жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін апатты мектептер картасы әзірленетін болады», - деді Г.Әбдіқалықова.

Вице-премьердің атап өтуінше, картада өңірлердегі барлық апатты мектептер және олардың жыл сайын жойылу мүмкіндігі анық көрсетілуі тиіс. Жалпы, ағымдағы жылдың 1 тамызында елімізде 176 апатты мектеп қалып отыр. Ал жыл басында олардың саны 180 мектеп болатын. Бұдан бөлек, жыл басында үш ауысыммен сабақ беретін 104 мектеп болса, 1 тамызда олардың 103-і қалды.

«2014-2016  жылдары 258 мектеп салу жоспарланған. Олардың 192-сі 141,3 млрд. теңге республикалық бюджет қаржысы есебінен салынады», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе