Франция Қазақстанның жоғары оқу орындарымен байланысты тереңдетуге дайын

Франция Қазақстанның жоғары оқу орындарымен байланысты тереңдетуге дайын. Бүгін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Франция Республикасының Президенті Франсуа Олланд Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінен кейін бірлескен мәлімдеме барысында осылай деді.«Білім беру саласындағы ынтымақтастыққа келсек, Қазақстан жоғары оқу орындарын дамытуға мүдделі, ал біз өз тарапымыздан бұны қолдауға дайынбыз. Осы бағытта альянс құрып, аса жоғары деңгейде ынтымақтастық жүргізуге де әзірміз. Бұл ретте дипломдарды, университеттік деңгейлерді өзара мойындау, Қазақстанның жоғары оқу орындарымен университеттераралық өзара байланыс мәселесін тереңдетуге әзірміз. Ал қол қойылған келісім ғылыми зерттеулер, университеттердің ынтымақтастығын дамытады», - деді Франсуа Олланд.

Сонымен қатар, Франция басшысы ертең Алматы қаласында Орталық Азиядағы алғашқы Сорбонна институтының филиалы салтанатты жағдайда ашылатынын тілге тиек етті. «Менің ойымша, біз осы арқылы Қазақстан мен Францияның басқа да беделді университеттері арасындағы байланысқа жол ашамыз. Осы ретте француз тілін дамытудың жайы да өзекті дегім келеді. Бұл   екі мемлекеттің мәдени ынтымақтастығын тереңдетуге өз септігін тигізер еді», - деді Ф. Олланд.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе