Түркістанда 4 балабақша ашылды

Түркістанда 4 балабақша ашылды.Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 500-ге тарта бүлдіршін балабақшаға баруға мүмкіндік алды.

Үшқайың ауылдық округінде салтанатты ашылғаннан кейін балабақша жұмыс жасай бастады. Мектепке дейінгі мекеме 120 балаға есептелген. Оның құрылысына 249 млн. теңге бөлінді. Құрылысшылар барлық жұмысты алты айдың ішінде аяқтап шықты.

Бұл күні сондай-ақ тағы үш балабақша есігін айқара ашты. Оларда да балалардың мектепалды даярлығына жақсы жағдайлар жасалған. Сонымен қатар жаңа мекемелерде 200-ге тарта адам жұмыспен қамтылды.

Аудан әкімі Әліпбек Өсербаевтың айтуынша, 2009 жылы Түркістанда бөбектер балабақшамен 9 пайызға ғана қамтылған болса, қазір бұл көрсеткіш 76,50 пайызға дейін өсті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе