Қытай қазақстандық студенттер саны бойынша екінші орында тұр

Қытай оқып жатқан Қазақстан азаматтарының саны бойынша Ресейден кейін екінші орында тұр. Бұл туралы Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Нұрлан Ермекбаев қазақстандық студенттермен кездесу кезінде айтты.«Бүгінде Қазақстаннан тыс елдерде 50 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда. Ал оның ішінде 11 мың 200 адам ҚХР-да (Бейжіңде - 4 мыңға жуық, Үрімшіде - 1250, Шанхайда - 800, Сианда - 700, Гуанчжоуда - 500, Уханда - 400, Нанкин, Ланьчжоу, Харбиден - 150 адамнан, Циндаода 100-ге жуық, Құлжада - 150, Шихэдзиде - 100-ге таман, Сямэнде - 25 адам) білімін жетілдіруде. Бұл көрсеткіш ойынша Қытай Ресейден кейін екінші орында тұр. Ресей жерінде біздің 28 мың адам оқиды», - деді ол.

Н. Ермекбаевтың сөзіне қарағанда, Ұлыбританияда 4 мыңға жуық қазақстандық студент, АҚШ пен Чехияда - 1 мыңнан, Малайзияда - 2 мыңға жуық, БАӘ-де 715, Түркияда - 783, Польшада 300 студент оқып жатыр.

«Соңғы 10 жылда қытай жоғарғы оқу орындарын 2 мыңға жуық Қазақстан азаматы бітіріп шыққан. Қазір олардың саны өсуде, 2003 жылы ҚХР оқу орнын 8 түлек бітіріп шықса, ал 2013 жылы 700-і тәмамдаған», - деп айта кетті елші.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе