ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев Университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездеседі

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин сейсенбі күні Бейжіңдегі Халықтық жиындар үйіндеНазарбаев Университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездеседі.Өткен аптада Назарбаев Университетінің 200 студенті Қытайдың жазғы лагерлеріне аттанды. Делегация Қытайдың Шанхай мегаполисін аралап шықты.Жексенбі күні Назарбаев Университетінің студенттер делегациясы Бейжіңге келді. Олар Қытайдың жетекші жоғары оқу орны - Цинхуа университетінде болды. Бүгін олар Бейжің университетіндегі өздерінің қытайлық құрдастарымен кездесіп, Қазақстан-Қытай студенттік форумына қатысады.Еске сала кетейік, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин өткен жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында Назарбаев Университетінің студенттері мен оқытушыларын Қытайдың жазғы лагерлеріне келуге шақырған болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе