Павлодар технологиялық колледжінің студенттері өздерінің мәслихатын сайлады

ПАВЛОДАР. 20 Павлодар технологиялық колледжінде жастар мәслихатының сайлауы өткізілді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.327 оқушы 11 кандидаттың ішінен жасырын дауыс беру арқылы өздерінің оқу мекемесінің мәслихатына бес депутатты сайлады.

Сайлауды ҚР Орталық сайлау комиссиясының Павлодар облысы бойынша өкілі Сансызбай Әкімбеков пен қалалық жастар мәслихатының көшбасшылары бақылады.

Жас азаматтар өздерінің «сайлау және сайлану құқығын» іске асырудағы бірінші тәжірибесін алды.

Колледждегі сайлау ҚР ОСК-ның «Қазақстандық қоғамның электоралдық мәдениетінің қалыптасуы» жобасы бойынша ұйымдастырылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе