Қазақ Ұлттық Өнер университеті шығармашылық қатынастарын кеңейтуде

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның басқаруымен ҚазҰӨУ өкілдерінің Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары барысында Голливудтегі Музыкалық институтпен (Musicians Institute, MI) және Лос-Анджелестегі New York Film Академиясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.Қол қою барысында тараптар мәдениет, ғылым және білім саласындағы өзара серіктестік туралы келісімге келді. Сонымен қатар, оқытудың жаңа тәсілдерін іздеу және дамыту, ақпараттандыру саласында жаңа жетістіктермен алмасу, өнердегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану мәселелері бойынша келісімге қол жеткізді.

АҚШ-тың екі жетекші білім беру мекемелері әртүрлі пәндер бойынша даярлау мен тағылымдамадан өткізу үшін студенттермен, магистранттармен және докторанттармен алмасуды қолдайтыны келісімнің аса маңызды бөлігі болды. Ең бастысы, бұл Қазақстанның жас және талантты студенттері үшін әлемдік музыкалық және кино саласындағы жетекші жобаларды жүзеге асырудың бірегей мүмкіндігі.

Қос тарап кездесу барысында бірлескен жобаларға қатысты көптеген мәселелерді, атап айтқанда академиялық ұтқырлық бойынша студенттермен алмасу мен концерттерді бірлесіп ұйымдастыру мүмкіншіліктерін талқылады.

АҚШ бойынша сапары соңында, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева Ярмук Университетінің президенті Refat A.Alfaouri мырзамен кездесті. Бұл жүздесудің нәтижесінде Ирбид қаласындағы (Иорда́н Хашими́т Корольдігі) Ярмук Университеті мен ҚазҰӨУ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойылды.

Меморандум аясында тараптар әртүрлі пәндер бойынша тағылымдамадан өту үшін студенттер, магистранттар мен докторанттармен алмасудағы тәжірибесін дамытуды, ғылым, мәдениет және білім беру саласындағы екі жақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе