Халық арасында ерекше танымал Сағалбай Жанбаев туралы кітап жарыққа шықты

«Атамұра» баспасында тарихшы Ілияс Қозыбаевтың «Сол баяғы Жанбаев» атты кітабы жарық көрді.Бұл адамның есімін телеарналардан, басылым беттерінен көп кездестіре бермейміз. Алайда Сағалбай Жанбаев (1904-1972) есімі әлі де ел аузында. Әсіресе, «Ет керек кезде - Жанбаев керек, астық керек кезде - Жанбаев керек, жүн керек болса - Жанбаев керек, оқуға келгенде Жанбаевтың қажеті жоқ па?» («Когда мясо надо было - Жанбаев надо, зерно надо - Жанбаев надо, шерсть надо - Жанбаев надо, учиться - Жанбаев не надо?») деген әзіл сөз көпшіліктің есінде.

Оқығаны көп болмаса да қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап өткен, әділ, кішіпейіл, қарадан шыққан дарынды жетекші туралы сөздің фольклорға енгеніне 70 жыл болды.

«Атамұра» баспасында жарыққа шыққан тарихшы Ілияс Қозыбаевтың «Сол баяғы Жанбаев» еңбегі - көптің көптен күткен кітабы. Себебі ол тәуелсіз ел азаматтарының дүниетанымын қалыптастыру, өз тарихын тану бағытында жұмыс істеген тұлға.

Кітапта Сағалбай Жанбаевтың шынайы әрі жарқын бейнесі сомдалған. Автор монографияны жазу үшін Қазақстан мен Ресей мұрағаттарын, басылымдар мен өзге де құжаттардың материалдарын зерттеп, деректер жинақтаған. Оның ғылыми стиль жанрын сақтай отырып, еңбекті түсінікті, қарапайым тілмен жазып шыққанын атап өту керек.

Аталған еңбекті оқып болған соң Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Семей облыстарында басшылық қызмет атқарып, халықтың алғысына бөленген Сағалбай Жанбаевтың бейнесі көз алдымызға келеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе