Батысқазақстандық және атыраулық мұғалімдер педагогикалық шеберліктерін жетілдіруде - Орал

ОРАЛ. 5 сә  Орал қаласында «Назарбаев зияткерлік мектебі» педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағытында үш айлық курс жұмысы басталды.Қазіргі кезде елімізде кембридждік мамандардан жаңа оқыту тәсілдері бойынша тәлім алған «Назарбаев зияткерлік мектебі» қызметкерлерінің басшылығымен 3 мыңнан астам мұғалім үш деңгейлік курстан өтуде. Орал қаласына Атырау мен БҚО-дан 80-нен астам ұстаз жиналды.

Астана қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Жанна Шымырбаеваның сөзіне қарағанда, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ашыла бастаған кезде педагогикалық шеберлік орталығының қажеттігі туындады. Өйткені басты қиындық білікті кадрлардың жетіспеушілігі еді. Аталмыш мектепте бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Сондықтан ұстаздар оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана білуі тиіс. Үш айлық курс кезінде мұғалімдер бастапқыда дәрісханада білім алса, екінші кезеңде қашықтан, өз жұмыс орнында білген-түйгенін іске асырады. Курстың қорытынды бөлімінде дәріс Кембридж университеті мамандарының қатысуымен өтеді. Аталмыш жоба республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылуда.

Батысқазақстандық және атыраулық әріптестерін Астанада кембридждік мамандардың басшылығымен осындай курстан өтіп келген Орал қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» директоры Шолпан Қадырова бастаған мұғалімдері жаттықтыруда.

Ж.Шымырбаеваның айтуынша, педагогикалық шеберлік орталығының бүгінгі таңда Астана, Семей, Өскемен, Талдықорған, Көкшетау және Орал қалаларында алты филиалы жұмыс жасайды. Мұндай орталықтарды басқа облыстарда ашу көзделген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе