Ақмоладағы «Nomads Camp» киіз үй лагерінде мектеп оқушылары демалуда

Ақмола облысының Ақкөлдегі «Nomads Camp» халықаралық киіз үй лагерінде Астана қаласы мен Қызылорда облысынан келген 50-ге жуық бала демалуда, деп тілшісі.

Бұл жолы демалып жатқан балалардың дені сабақ үлгерімдері жақсы мектеп оқушылары мен әлеуметтік жағыннан аз қамтылған отбасылардағы балалар. Олар «Nomads Camp» халықаралық киіз үй лагерінде қазақ халқының салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, ұлттық тағамдары, әскери өнер және қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысуда.

«Киіз үй лагері орта ғасырлардағы қазақ халқының тұрмысына ұқсас етіп жасалған. Лагерьге демалуға келген балалар ерте кездегі көшпелі халықтың өмірі мен салт-дәстүрін көзбен көріп, іс жүзінде сезіне алады», - дейді жобаның авторы, Қазақстандағы скаут қозғалысының жетекшісі Ильдар Катенов.

Айта кету керек, жоба Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Өткен жылдың соңында Ақкөл ауданының Ерназар ауылында скаут лагері үшін жер телімі бөлініп, оған «Nomads Camp» халықаралық киіз үй лагері ашылды. Онда әр 6 күн сайын бірнеше маусым өткізуді жоспарланып отыр.

Бір маусымда 8-17 жас аралығындағы 100-150 баланың киіз үй лагерінде демалуына мүмкіндігі бар. Қазақстандағы скаут қозғалысының бастамасымен соңғы 25 жылда 10 мың баланың қатысуымен 100-ден астам дала лагерьлері мен слеттер ұйымдастырылған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе