БҚО-да «Мектепке жол» шарасы аясында 62,77 млн. теңгенің көмегі көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтіп жатқан «Мектепке жол» шарасы аясында тамыз айында 11112 оқушыға 62,77 млн. теңгенің көмегі көрсетілді.БҚО білім басқармасының бас маманы Ұлболсын Серғазиеваның айтуынша, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 7243 шәкіртке 34,64 млн. теңгенің жәрдемі берілді.

«Мектепке жол» шарасы аясында қалыптасқан дәстүр бойынша биылғы жылы да облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына бір күндік жалақысын (1,7 млн. теңге) аударды. БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті алты оқушыға 100 мың теңгенің көмегін көрсетті.

Сонымен қатар Бөрлі ауданы бойынша «ҚПО б.в.» компаниясы (108 оқушыға - 1009 мың теңге), Қазталов ауданының тұрғыны Ж.Сәлімгереев (3 отбасына - 300 мың теңге) және Оралдан қалалық мәслихат депутаты Т.Тілемісов (6 оқушыға - 50 мың теңге), «Спецкомплект» және «Автокомбинат» ЖШС (14 оқушыға - 130 мың теңге), Халық банкі филиалы (10 оқушыға - 108 мың теңге), «А.Тілеуғалиев» ЖК (30 оқушыға - 170 мың теңге) қомақты үлес қосты.

Еске сала кетейік, «Мектепке жол» шарасы басталғаннан бергі сегіз жыл ішінде бұдан бұрын өңірде 117647 балаға 534,158 млн. теңгенің материалдық көмегі берілген болатын.

Биыл аталмыш шара жылдағыдай 30 қыркүйекке дейін созылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе