Астанада ТМД елдерінің ғалымдары халықаралық бакалавриат мәселесін талқылайды

АСТАНА. 10 сә22-25 сәуір аралығында ТМД елдерінің Халықаралық бакалавриат мектептерінің қауымдастығы (IB)  мен «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры» ҚҚ  жыл сайынғы «IB-болашақ үшін стратегия» VI халықаралық конфренциясын өткізеді.

Алқалы жиынның мақсаты - халықаралық бакалавриат бағдарламасын алға жылжыту, ТМД елдерінің білім беру жүйесін жетілдіру мен жаңғырту бағытында отандық және халықаралық білім беру бойынша ықпалдастық идеяларын дамытуда тәжірибе алмасу.

Конференция барысында ғалымдар мен сарапшылардың, мамандардың қатысуымен пленарлық отырыс, тақырыптар бойынша секциялық жиындар, «дөңгелек үстелдер», сондай-ақ балаларға арналған әлеуметтік жобалардың таныстырылымы өтеді деп күтілуде.

Жиынға ТМД елдерінің мамандарымен қатар, өзге де халықаралық білім беру ұйымдарының өкілдері шақырылды. Конференция елордадағы «Мирас» халықаралық мектебінде өтеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе