ЕНУ-дің 12 мың студенті ЕХРО-2017 көрмесінде ерікті болуға дайын

АСТАНА. 14 Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 12 мың студенті ЕХРО-2017 көрмесін өткізу кезінде ерікті болып жұмыс істеуге дайын.Бұл туралы бүгін аталған университеттің ректоры Ерлан Сыдықов Халықаралық көрме бюросы өкілдерінің еліміздің ғалымдары және жастарымен кездесуі барысында айтты.

«ЕХРО - бұл біздің елге ерекше маңызды оқиға болмақ. Біздің 12 студент ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге байланысты волентер болуға дайын. Бұл Қазақстан үшін, біздің студенттер үшін - баға жетпес тәжірибе», - деді ол.

Айта кетейік, қазірдің өзінде жастар елордада көрме өткізу бастамасын зор құлшыныспен қолдап отыр. Оған жексенбі күні «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында жастардың қолдауымен өткени Арт-Перфоманс шарасы дәлел. Акцияға 1000-ға жуық адам қатысты. Барлық қатысушылар витраждық бояулар, қылқалам, аппликациялар, әшекейлер, паеткалар, стикерлер және тағы да басқа құралдар арқылы жобаға деген өзінің қарым-қатынасын білдіруге тырысты. Сонымен қатар, түрлі-түсті арт-нысандар - «Қазақстан» панносы, EXPO-2017 логотипінің аппликациялары, «Қазақстан халықтары» панносы, «Мен EXPO-2017 жобасын қолдаймын» атты фотоаппликациялар жасалды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе