Астанада халықаралық бакалавриат бағдарламаларының дамуы талқылануда

АСТАНА. 23 сәАстанада ТМД мемлекеттерінің халықаралық бакалавриат мектептері қауымдастығы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры жыл сайынғы «IB - болашаққа арналған стратегия» атты халықаралық конференциясын өткізуде,деп хабарлайды «Мирас» халықаралық мектебінің баспасөз қызметі.

Конференция барысында халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламаларының дамуы мен келешек әлеуеті, IB мектептері арасында білім беру үдерістерінің көп тілді және мәдениаралық байланысы, IB бағдарламаларын іске асырудағы ұстаздың рөлі және тағы басқа мәселелер талқыланбақ.

Конференцияға ТМД-нің Ресей, Қазақстан, Армения, Әзербайжан елдерінен IB мектептерінің оқытушылары мен бағдарламалардың жетекшілері, үйлестірушілері қатысуда. Сондай-ақ халықаралық білім беру ұйымдарынан (IBO) сарапшылар шақырылып отыр.

Конференцияның мақсаты IB бағдарламаларын Қазақстанда ілгерілету, халықаралық әріптестермен бірге білім беру саласында ықпалдастықты дамытудың тетіктерін талқылау.

«Мирас» халықаралық мектебінде өтіп жатқан аталмыш шара 25 сәуірге дейін жалғасады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе