Қытайда қазақстандық студенттердің бірінші Құрылтайы өтті

БЕЙЖІҢ. 4 Сиань қаласында Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттердің бірінші Құрылтайы өтті.Оны Азия және Мұхит жағалауы елдерінің халықаралық бағдарламалар орталығы ұйымдастырды.

Құрылтайға Қытайдың 5 қаласынан 100 делегат қатысты. Атап айтқанда, «Жас қыран» (Бейжің),  «Kazakh connection» (Шанхай), «Kaz-Union» (Үрімші), «Ухан қаласындағы Қазақстан студенттерінің бірлестігі» және Сиань қаласындағы «Алтын орда».

Құрылтай аясында ҚР-ның Қытайдағы Елшілігінің кеңесшісі Мұрат Есмағамбетовтың қатысуымен делегаттар конференциясы өтті. Онда Қытайдағы қазақстандық студенттік ұйымдардың жағдайы мен өткір мәселелері, ұйымдардың өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығының болашағы, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатының мәселелері талқыланды.

Құрылтай нәтижесі бойынша Қытайдағы қазақстандық студенттік ұйымдардың өкілдері Ерікті мейірім меморандумына қол қойды. Оның мақсаты - жастардың патриоттық рухын көтеру, шетелдегі қазақстандық студенттің имиджін жақсарту, сондай-ақ тұрақты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Құрылтай аясында студенттік КТК командаларының фестивалі өтті, онда Бейжің, Шанхай, Үрімші және Сианьда білім алып жүрген қазақстандық студенттердің құрамалары тапқырлықтарын ортаға салды.

Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетелдегі қазақстандық студенттерді біріктіру және патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырды.

Демеушілік көмекті «Интеграция» қазақстандық халықаралық қорының Сиань қаласындағы өкілдігі көрсетті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе