Ауыр атлетикадан екі мәрте олимпиада чемпионы Илья Ильин докторантураға алғашқы емтиханын ойдағыдай тапсырды

АСТАНА. 12 Ауыр атлетикадан екі мәрте олимпиада чемпионы Илья Ильин Қазақ спорт және туризм академиясының докторантурасына алғашқы емтиханын ойдағыдай тапсырды.11 тамызда қабылдау емтиханында И.Ильин бірінші турда шетел тілі - ағылшын тілінен сынақ тапсырды, деп хабарлады www.Vesti.kz.  Ол 100 ықтимал баллдан 78 балл жинады. Қабылдау комиссиясының ережесі бойынша, 50-ден жоғары балл алған барлық талапкерлер таңдаған мамандығы бойынша екінші жалпы емтиханға жіберіледі.

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Зәкірияновтың айтуынша, Илья барлық емтиханнан сәтті өтсе, оған мемлекеттік грант беріледі.

«Бізге доктурантураға түсуге тілек білдірушілер көп, бірақ та Ильяның жөні бөлек Өзінің туған қаласында ол университетті және магистратураны аяқтады, енді бізде оқып, жоғары жетістіктерге жетуге қол созып отыр. Бұл оның қолынан келеді», - деп түсінік берді академия президенті И.Ильиннің емтиханына орай.

Еске сала кетейік, Қазақ спорт және туризм академиясында Ольга Шишигина, Владимир Смирнов, Нелли Ким сияқты чемпиондар және Қазақстан құрамасының ауыр атлетикадан қазіргі жаттықтырушысы Алексей Ни білім алды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе