«Қазақстанның қазіргі заманғы мамандарын даярлаудың этнопсихологиялық және технологиялық негіздері» - Алматыдағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

АЛМАТЫ. 20 Қазіргі заманғы мамандардың біліктілігін жетілдіру мәселелері тәуелсіз пайымдарын жасауда ұлттың ділін, этнопсихология, педагогика негіздерін, олардың білімі мен ойлау қабілеттерінің туындауы мен өзгеруін ескере отырып,жеке өзіндік көзқарасының қалыптасуы «Қазақстанның қазіргі заманғы мамандарын даярлаудың этнопсихологиялық және технологиялық негіздері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланады. Конференция 19-20 қазанда Алматыдағы Орталық Азия университетінде өтеді және оқу орнының 15 жылдығына арналған.

Орталық Азия университетінде Қазақстанда сұранысқа ие инженерлік-техникалық және гуманитарлық мамандықтардың 49-ы бойынша бакалаврларды, магистрлерді және Phd докторларды даярлау жүзеге асырылуда. Жоғарғы оқу орнының түлектері ел экономикасының барлық салаларында қызмет етуде.

Конференцияға отандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарының жетекші ғалымдары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, өндірістік кәсіпорындардың басшылары, қоғам қайраткерлері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе