Ақмолада өткен Президент шыршасына 200-ге жуық бала қатысты

Ақмола облысында 200-ге жуық баланың қатысуымен ҚР Президентнің Жаңа жылдық шыршасы өтті, деп тілшісі.Көкшетауда «Біз еліміздің жарқын болашағымыз!» тақырыбымен ұйымдастырылған шыршаға облыстағы 17 аудан мен 2 қаладан, балалар үйінен, 4 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатынан, дарынды балаларға арналған 3 облыстық арнайы мектеп-интернатынан, жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу облыстық орталығынан, мүгедек балаларды қолдау қауымдастығынан оқу үздіктері, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың 9-13 жас аралығындағы 200-ге жуық бала қатысты.Мерекелік шырша барысында «Сәлем, Жаңа жыл!» атты жаңажылдық театрланған көрініс қойылды. Шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, балаларды құттықтады.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жас ұрпақ Қазақстанның дамуында шешуші рөл атқарады және прогрестің қозғаушы күші болып табылады. Менің міндетім – сендердің армандарынды жүзеге асыру және жеке табыс тарихын жасау үшін барлық мүмкіндіктер мен жағдай жасау» деген болатын. Ақмола облысында талантты, шығармашылық және белсенді балалар, нағыз патриоттар өте көп. Олардың көпшілігі әртүрлі жарыстарда, олимпиадаларда және конкурстарда өңірді лайықты көрсетіп, жоғары нәтижелер мен марапаттарға қол жеткізуде. Бүгінгі шырша мерекесі мен сый-сияпат сендердің көңілдеріңнен шығады деп үміттенемін», - деді облыс әкімі өз сөзінде. Осылайша, Жаңа жылдық шыршаның ертегілік көрінісі тәтті үстелмен және бағалы сыйлықтарын тапсырумен аяқталады.Еске сала кетейік, сонымен қатар Көкшетауда ерекше күтімді талап ететін балалардың Жаңа жылдық шыршасы өтті. «Ақмола облысының іскер әйелдері қауымдастығы» және «Көкшетау» арнайы олимпиада» қоғамдық бірлестіктері бірлесіп, ұйымдастырған ​ мерекелік шараға 70 бала мен олардың ата-аналары қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе