Елордалық студенттер энергетика тақырыбындағы инновациялық жобаларын таныстырды

Елордалық көлік және коммуникациялар колледжінде Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі студенттерінің шығармашылық еңбектерінің қалалық көрмесі өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.Көрмеде экономиканың түрлі саласынан 30 жоба ұсынылды. Студенттер экологиялық ғимараттар мен тұтас қалалардың макеттерін, құралдарды, компьютерлік бағдарламаларды көрсетті.

Елордалық колледж оқытушылары баяндама жасады. Олардың бірі «Болашақ энергиясы - жасыл экономиканы қалыптастыруға сенімді қадам» тақырыбында болды.

Шараның қорытындысы бойынша М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола колледжінің студенттері Гран-при жеңіп алды. Бірінші жүлделі орын Политехникалық колледж студенттеріне «Ақылды үй» жобасы үшін берілді.

Көрменің мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін энергетиканың, кәсіби және ғылыми шығармашылықтың едәуір өзекті және перспективті бағыттарында жобаларды орындауға тарту, инновациялық идеялар мен жобаларды дамыту. Бұдан басқа, ғылыми-практикалық қызметке, өнертапқыштық пен оңтайландыруға бейімдік танытатын дарынды жастарды анықтау да шараның маңызды ерекшелігі болып табылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе