Мәжіліс депутаты Т.Өмірзақов Астанадағы Аграрлық университеттің студенттерімен кездесті

АСТАНА. 21 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездесті.Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес мәселелері» тақырыбымен ұйымдастырылған кездесуге «менеджмент», «экономика», «есеп және аудит», «тұрмыстық қызметтер және сервис» мамандықтарының 2 және 3-курс студенттері қатысты.

Т.Өмірзақов жастарға мемлекет тарапынан бизнеске көрсетіліп отырған қолдаулар және саланың болашақ бағыттары туралы айтып берді. Сондай-ақ ол, Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгілеген тапсырмаларына қысқаша тоқталып, Президенттің жыл сайынғы Жолдаулары экономиканың барлық салаларын, соның ішінде білім саласын қамтитынын атап өтті.

Кездесу барысында студенттер халық қалаулысына өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Өз кезегінде депутат университетпен және студенттермен байланысты үзбеуге уәде етті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе