Қазақстандық жоғары оқу орындарының Болон үдерісі арқылы Еуропаның жетекші университеттерімен теңесуге мүмкіндігі бар - Чан Йан Бэнг

АЛМАТЫ. 2   /Ерлік Ержанұлы/ - Халықаралық ынтымақтастық елдегі жоғары оқу орындарының әлемдік мәртебеге ие болуына мүмкіндік береді.Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Болон үдерісі жоғары оқу орындарын жаңарту құралы ретінде» деп аталатын халықаралық конференцияда айтылды.

«Болон үдерісі арқылы Қазақстанның жоғары оқу орындары Еуропаның жетекші университеттерінің деңгейіне жетіп, мойындалуына мүмкіндігі бар. Халықаралық ынтымақтастық пен мойындаулар арқылы Қазақстан білім беруде аймақта көшбасшылық мәртебеге ие бола алады. Болон үдерісін енгізуде біздің күш біріктіруміз  ынтымақтастықтағы жалпы мәселелерді шешетініне үмітіміз мол», - дейді Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының  президенті Чан Йан Бэнг.

Қазақстан Болон үдерісіне 2010 жылы Вена мен Будапеш қалаларындағы Еуропа елдерінің Білім министрлерінің конференциялары мен ІІ форумында   қосылған болатын. Онда Болон декларациясына қол қойған 46 ел бірауыздан Қазақстанның 47-мүше болуына дауыс берген еді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе