ШҚО әкімі аймақта жетіспейтін мамандықтар үшін 467 грант бөлді

Шығыс Қазақстан өңіріне аса қажет мамандарды даярлауға облыс бюджетінен 400 грант бөлінбек. Ол үшін талапкер 50 бал жинаса да жеткілікті, деп тілшісі.

Аталмыш 400 гранттың сыртында 67 бюджеттік орын және бар. Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, бұл бюджеттік орындар 3 жоғары оқу орнына берілмек. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология және этнология» мамандығына - 10 орын, «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығына - 5 орын қарастырылған. Жергілікті С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Сауықтыру және дене шынықтыру» мамандығына - 10 орын, «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына - 5 орын бөлінген. Ал Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға 37 орын бөлініп отыр. Оның 20-сы - «Металлургия» мамандығына, 10-ы - «Автоматтандыру және басқару» мамандығына, жетеуі - «Техникалық физика» мамандығына бағытталған. 

Ең бастысы, Қазақ Ұлттық университетіне түскісі келген талапкердің ҰБТ сертификатындағы балл мөлшері 65-тен кем болмауы тиіс. Ал жергілікті қос университеттің бюджеттік орнына түсу үшін 50 балдан жоғары жинаса, жетіп жатыр. Аталмыш грант иелерінің есімі 11-15 тамыз аралығында өтетін комиссиия отырысынан кейін белгілі болмақ. Құжат қабылдау мерзімі 5 тамыздан 10 тамызға дейін ұзартылып отыр.«Өткен жылы біздің облыстан 890 түлек шет мемлекетке оқуға кеткен. 90 пайызы Ресейді таңдады. Онда да Мәскеу мен Санкт-Петербургті таңдағандар тым аз. Көбі Том, Новосібір қалаларына түскен. Біз қосымша гранттар бөлу арқылы осы тенденцияны тоқтатсақ дейміз. Ең бастысы, осы грант арқылы оқыған түлектерге жұмыс орны дайын тұр», - дейді Әсем Нүсіпова. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанға 1304 жоғары білімді маман қажет. Жоғарыда аталған грантқа ие болғысы келгендер осы үш университеттің қабылдау комиссияларына жүгінуі шарт.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе