ҰБТ-ның алғашқы үш күнінде ОҚО-ғы үздік оқушылардың тек 14 пайызы ғана «бестіктерін» қорғай алды

ШЫМКЕНТ. 5 Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасынан Ұлттық Бірыңғай тестілеудің үш күндік қорытындысы шығарылды.Тестілеуді 17 мыңға жуық мектеп түлегі тапсырды. Бұл биылғы жылы ОҚО-да емтихандарды Ұлттық Бірыңғай тестілеу үлгісінде тапсырам деушілердің жартысынан артық. Облыстық білім басқармасының мәліметтерінше, «Алтын белгіге» үміткер болғандардың ішінде мектеп бағдарламасын білудің үздік бағасын үш күнде небары 14 пайызы ғана дәлелдеген.

Апелляциялық комиссияға ондаған шағымдар келіп түсуде. Оқушылар көбінесе математика және Қазақстан тарихы пәндері бойынша тест қорытындыларына келіспеуде. Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік университетіндегі апелляциялық комиссияға тест қорытындыларына келіспеген жүзден астам адам шағымданды. Шағымдардың біреуі де қанағаттандырылмады.

Биыл ҰБТ-ны жалпы білім беретін мектептердің 25 мыңнан астам түлегі тапсыруда. Осыған ұқсас тестті шілде айында тапсыратын колледж студенттерімен бірге абитуриенттердің саны 9 645 адамды құрайды. Тестілеу 16 орында өткізіліп, 9 маусымға дейін жалғасады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе