Павлодар облысының мектептерінде ескі компьютерлер жаппай жаңалана бастады

ПАВЛОДАР. 30 сәБиыл Павлодар облысының мектептерінде ескірген компьютерлерді жаппай ауыстыру басталады, деп хабарлады білім беру басқармасынан.Электрондық сыныптарды жаңартуға демеушілер атсалысады - өңірде «Мектепке компьютер сыйла» акциясы жарияланды.

Бүгінгі күні облыстың 416 мектебінің 412-сі компьютерлендірілген. Облыста бір электрондық есептеу машинасына орташа алғанда 12 оқушыдан, ал ауылдық жерде - 6,2 оқушыдан келеді.

Техникалық және кәсіби білім беретін барлық 55 ұйым компьютерлермен жабдықталған. Мұнда бір компьютерге - жеті, ауылдық жерлерде - бес адамнан келеді.

Облыстың 416 мектебінің 404-і (97,1 пайызы) интернетке қосылған, соның ішінде 319 ауылдық мектеп бар. «Әлемдік ғаламторға» сондай-ақ, кәсіби білім беретін барлық мекеме қосылған.

Кең жолақты интернетке 192 мектеп қосулы, олардың 134-і жылдамдығы жоғары ADSL модемдерін қолданады.

2012-2013 жылдары аймақтың 44 мектебінде электрондық оқыту жүйесі қабылданатын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе