Павлодар педагогикалық институтында қазіргі заманғы білім беру мәселелері талқыланды

ПАВЛОДАР. 27 Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға 300-ден астам адам қатысты, деп хабарланды мекеменің баспасөз қызметінен.«Педагогикалық оқуларға» республика аумағында қызмет етіп жүрген институт түлектері: мұғалімдер, арнайы және қосымша білім беру ордаларының қызметкерлері, магистранттар мен студенттер қатысты. 

Олар қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін талқылап, «Білім беру жүйесіндегі инновациялар мен қазіргі заманғы технологиялар», «Шағын мектеп: мәселелер мен олардың шешілу жолдары» тақырыптары бойынша өткен секциялардың барысында жұмыс тәжірибелерімен алмасты. Сонымен қатар салалық және инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды.

Облыстың ең үздік оқытушы-әдіскерлері ПМПИ-дың студенттері үшін шеберлік сабақтарын өткізіп, білім саласына инновацияларды ендіру тәжірибелерімен бөлісті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе