Қазақстанда балалардың 99,8 пайызы тегін білім алумен қамтылған - БҒМ

Қазақстанда балалардың 99,8 пайызы тегін біліммен қамтамасыз етілген. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев осылай мәлім етті. Айта кетейік, брифинг БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясындағы Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің баяндамалары қорытындысына арналған болатын.«Женева қаласында 16-17 қыркүйекте БҰҰ Бала құқықтарын қорғау жөніндегі БҰҰ комитетінің кезекті басқосуында Қазақстаннан басқа тағы 10 мемлекет өкілдері қатысты. Біз ондағы баяндама бойынша 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықтағы өзгерістерді қорғадық. Айта кетерлігі, Қазақстанның Мемлекет басшысының ең бірінші қол қойған құжаттарының бірі 1994 жылы ратификацияланған Балалар құқы туралы конвенция болатын. Содан бері біздің барлық стратегиялық құжаттарымыздағы балалар құқығының қорғалуына қатысты мәселелер негізгі желі бойынша жүзеге асуда», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, балалар құқығын қорғаудың басты мәселесі, негізгі өлшемі оларды тегін біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Ал Қазақстандағы балалар проблемасын бірінші кезекте қамтыған негізгі стратегиялық құжат бұл - «Қазақстан-2050» стратегиясы, ондағы білім беру саласы.

«Қазақстанның саясатына сәйкес, елімізде барлық бала тегін біліммен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазіргі таңда елімізде балалардың 99,8 пайызы тегін біліммен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, халықтың аз қамтылған жігі мен әлсіз тобындағы - аз қамтылған отбасылардағы балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар құқығының қорғалуы», - деді вице-министр. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның негізгі құжаттарында осы топтағы балалардың құқын қорғауға ерекше назар аударылып келеді. Соның ішінде мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Қазақстанда 2020 жылға қарай балалардың 70 пайызы барлық оқу орындарына қолжетімділігі қамтамасыз етілуі тиіс.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе