Алматыда «Мен кәсіпкермін» жалпықалалық экономикалық іскерлік ойыны өтті

АЛМАТЫ. 28 Кеше Алматыдағы Халықаралық бизнес академиясы колледжінде «Мен кәсіпкермін» жалпықалалық экономикалық іскерлік ойыны ұйымдастырылды.Қалалық білім беру басқармасының Техникалық және кәсібіи білім беру әдістемелік кабинетінің жетекшілігімен өткен бұл сайыс колледж оқушыларына бизнес-жобалар жасау мен жеке ісін ашуға қажетті дағдыларды дамытуға бағытталды. Онда Қазақстанның индустриялық-инновациялық үдемелі даму бағдарламасындағы басым бағыттарға айрықша назар аударылды. 

11 колледжден қатысқан 11 команданың арасынан Алматы қаржы-құқық және технологиялық колледжі  қайталама шикізатты өңдеу жобасымен жеңімпаз деп танылды.  1-3 орынды Халықаралық бизнес академиясының колледжі, Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі мен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономикалық колледжі өзара бөлісті. Онда байқау жеңімпаздары Алматы қаласы колледждері қауымдастығының грамоталары және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясы  өздеріне оқуға түскен жағдайда жеңімпаздарға 10-15 пайыздық жеңілдік беретін сертификаттар табыс етті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе