Өзбекстан өз мамандарын шетелде оқытпақ

Өзбекстан елі қазақстандық «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасына ұқсас ұлттық кадрлардың әлемнің жетекші университеттерінде кәсібилігін арттырып, онда тағылым алуы үшін «Эл-юрт умиди» шәкіртқасын іске қосып отыр. Бұл тың меншікті тілшісі хабарлайды.

«Эл-юрт умиди» қорының шәкіртақысы Өзбекстан елінің әлеуметтік сала, мемлекеттік басқару және экономиканың басым салаларында жоғары білікті мамандарды даярлап, олар үшін тиісті жағдай жасауға бағытталған.

Кандидаттарды конкурстық іріктеу Өзбекстан министрліктері мен ведомстволарының мақсатты тапсырыстарының негізінде жүзеге асырылатыны жоспарлануда. 2019-2021 жылдары шәкіртақы алушылардың саны 4000 адамнан кем болмайтыны шамаланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан президенті заманауи кадрлармен қамтамасыз ету, білімді жастарды стратегиялық салаларға тарту мәселелеріне арналған кеңес өткізіп, онда елдің барлық салаларында білікті кадрлар жетіспеушілігі бар екенін айтқан.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе