Шанхайда «Болашақ» Халықаралық стипендиясының 20 жылдығы атап өтілді

БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ. 1 сәШанхайда Наурыз мейрамы кеңінен атап өтілді.Мерекелік шара ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының 20 жылдық мерейтойына орайластырылды.

Атаулы шараны ҚР-дың Шанхайдағы бас консулдығының қолдауымен ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығы Қытайдағы Болашақ қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Мерекелік сауық-сайранға Шанхайда жұмыс істейтін және бизнеспен айналысатын Қазақстан азаматтары, қазақ диаспорасының өкілдері, қаланың жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Мерекелік концерттің ашылуында ҚР-дың Шанхайдағы бас консулы Ғабит Қойшыбаев жиналғандарды Наурыз мерекесімен және ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясының 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының (ХБО) Азия мен мұхит аймағы елдеріндегі өкілі Қайыржан Ермановтың айтуынша, Наурыздан кейін «Болашақ» стипендиясының 20 жылдығын атап өту аясында Шанхайда Қытайдағы қазақ студенттері ұйымдарының Екінші құрылтайы, сонымен бірге соңғы үш жылда Шанхайда өткізіліп келе жатқан Болашақ қауымдастығының кубогы мен жүлделері үшін түрлі спорттық және басқа да мәдени-бұқаралық шаралар ұймдастырылатын болады.

Бұдан басқа, ХБО өкілі ҚР Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» стипендиясының 20 жылдығын атап өту шеңберінде 2013 жылы Астанада Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының Екінші слетін өткізуді жоспарлап отырғандығын мәлім етті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе