Жас түлектерге психологиялық қолдау аса қажет - маман пікірі

СЕМЕЙ. 13 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті жас түлектерге қолдау көрсетудің жаңаша әдісін қолға алып отыр.Жақында кәсіби психологтар жас мамандар үшін арнайы тренинг өткізіп, бүгінгі еңбек нарығында шұғыл жұмыс іздестіру амалдарына үйретті.

«Негізі, бүгінде жұмыс іздеу кезінде жас мамандардың басым бөлігі сылбыр әрекет етіп жатады. Себебі аудиториядан енді ғана шыққан олар алай-дүлей еңбек нарығының стихиясына психологиялық жағынан дайын болмайды. Осының нәтижесінде бос уақытты зая кетіреді. Мұндай жағдайда уақытты барынша үнемдеп, нақты жоспардың болғаны дұрыс», - дейді  «Исток» балалар мен жастар шығармашылығы орталығы» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Надия Саулина. Осыған орай тренинг аясында жұмысты іздестіру әдістері, жұмысты іздеуге психологиялық жағынан дайын болу, іс-әрекет жоспарын құру, телефонмен сұхбаттасу және жүзбе-жүз кездесудің психологиялық негіздері оқытылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе