Сәпиев: 21 ғасырда денсаулығы мықты ұлт қана бәсекеге қабілетті

- Бүгін Астанада ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған конференцияда Мәжіліс депутаты, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Елбасының барлық бастамалары уақтылы жүзеге асыруды қажет ететін маңызды қадамдар екенін айтты, деп .«Ең бастысы, Мемлекет басшысы кезекті рет салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттігі мен маңыздылын атап өтті. Денсаулығы мықты ұлт қана 21 ғасырда бәсекеге қабілетті бола алады. Президенттің «Туған жер» бағдарламасын әзірлеу, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «100 жаңа есім», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобаларын толықтай қолдаймын. Елбасы мақаласында атап көрсетілген идеяларға еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын миллиондаған қазақстандықтар қолдау білдіріп, пікірлерін айтты. Бағдарламалық мақаласында Нұрсұлтан Әбішұлы латын әліпбиіне көшу жайында сөз қозғаған. Осы бағыттағы қадам кезең-кезеңмен іске асырылатыны түсінікті. Біз оған Тәуелсіздік алғаннан бері дайындалдық»,-деді Сәпиев.

Оның пайымынша, ұлттық сананы жаңғырту адамды дамытудың маңызды қадамы. Осы ретте азаматтардың бәсекеге қабілеттілігі, ұлттық бірегейлік, білім мәдениеті негізгі басымдықтар болып отыр.

Сөз соңында Сәпиев Қазақстанда тарихи ескерткіштер көп екенін және олар әлемде кеңінен насихатталмай жатқандығын еске салып өтті. Сондықтан да  Қазақстанның имиджін көтеру мен халықаралық мәртебені арттыру тұрғысында елдің мәдени мұрасын таныстыруға ұмтылуы қажеттігін жеткізді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе